bookmate game
Біржан сал Қожағұлұлы

Айтыстар

  • unutranyholasciteerde uit8 jaar geleden
    Айтысып Сараменен қылсақ шығын.
    Найманның асыранды бұлбұл құсы
    Сараның айттырармын барлық шынын.
    Баралық Тұрысбектің ордасына
    Сараның қоямын ба болмасына.
  • Ирина Осипенкоciteerde uit3 jaar geleden
    Найманның асыранды бұлбұл құсы

    Сараның айттырармын барлық шынын.
  • Aykawayciteerde uit4 jaar geleden
    Шырағым Сара, сендей тумас бала, Шежіре туармысың мұндай дана. Обалың Есімбек пен Тұрысбекке, Жігітің жөндеу екен ей бишара. Ел-жұртың қорықса керек көз жасыңнан, Қиып кеткім келмейді мен қасыңнан. Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін, Адамзат озар емес бір басыңнан. Жіберме Жиенқұлға шақыруды, Өнерсіз үйде білер аһ ұруды, Қайнайды зығырданым көргеннен соң, Алдырма бекер мұнда кәпіріңді. Білесің, Арғын— Найман тегіс затын, Алашқа шығып еді Біржан атым. Кісіге сен сықылды малын шашпай, Қазақ та қылады екен итті қатын. Дұшпаның жамандайды не деп сені,
  • Аружан Машраповаciteerde uit9 jaar geleden
    БІРЖАННЫҢ БІР ҚЫЗБЕН ҚАҒЫСУЫ62
    Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі, сол үйдің қызы оған қатықсыз қара кеже құйып берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады. Сонда қыз айтады:
    Байлардың жейтін асы — жая мен жал,
    Шығады нақ кедейден осындай сал.
    Қыс аяғы шаруаға күйзеу болды,
    Көжеге кекіреймей ерніңді мал!
    Біржан:
    Атанған ақындықпен Біржан сері,
    Серінің күнде думан жүрген жері,
    Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,
    Көжеңді басып-басып әкел бері.
  • Аружан Машраповаciteerde uit9 jaar geleden
    БІРЖАННЫҢ ТЕЗЕКБАЙ АҚЫНМЕН ҚАҒЫСУЫ64
    Біржан сал Тезекбай ақынмен замандас болған соң, әр уақыт кездесіп әзілдесіп, қағысып жүреді екен. Бір кездескенде екеуі былайша қағысып қалыпты:
    Тезекбай:
    Бұл өнерді кім берді, Біржан саған,
    Өнер берген кісіңді айтшы маған.
    Өнер берген кісіңді айта алмасаң,
    Сенің өлең айтуын, тіпті арам.
    Біржан:
    Жаратқан бәрімізді — бір құдайым,
    Абзал қылып жаратқан күн мен айын.
    Өнердің бойға біткен арқасында,
    Тезеке-ау, салдық құрмай не қылайын.
    Тезекбай:
    Рас, бәрімізді жаратқан — бір құдай-ды,
    Абзал қылып жаратқан күн мен айды.
    Бір құдайдың бірлігін хақ деп білсең,
    Неше сипатпен танисың бір құдайды.
    Біржан:
    Өзің молла, оқисың жазған хатты,
    Сері қайдан біледі шариғатты.
    Әкем Қожағұл болғанда, өзім — салмын,
    Мен сізден сұрамаймын насихатты.
    Тезекбай:
    Олай болса, отырғанда, ақын мен ой таба бер,
    Күндіз-түні жүрсең де жол таба бер.
    Орта жүздің баласы «Темір Қақпан, Байғұлыбай» деп әне, зарлап
  • Аружан Машраповаciteerde uit9 jaar geleden
    БIРЖАН, ОРЫНБАЙ, ШӨЖЕ АҚЫНДАРДЫҢ АЙТҚЫРЛЫҚТАРЫ
    Кедей Сағынайдың асына сауын айтылып, жан-жақтан жұрт жиналады. Сол аста басқа кедейлермен бірге, ақындар бәйгесі де тігіледі — ақындардан Сағынайдың байлық-салтанаттық дәрежесін кім де кім бір ауызға сыйғызып жақсы өлең шығарып айтса, соған бас бәйге берілмекші. Жиылған ақындардың ішінен Орынбай, Шөже, Біржан сал өлең бәйгесіне түседі. Бірінші сезді Керей баласы деп Біржанға береді, онан кейін, Орынбай,
    Шөже айтады:
    Біржан:
    Сағынай, Мәті — Дәулен жайындайсың,
    Тел ескен, сен қысырдың тайындайсың.
    Дәулетің жеті атаңнан арылмаған,
    Киіктің даладағы лағындайсың.
    Орынбай:
    Керейде Сағынай мен Мәті — Дәулен,
    Көркің көпке, күндей болып түсер сәулең,
    Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
    Жүрмісің, есен-аман, өңкей сәулем?
    Шөже:
    Сағынай, Мәті — Дәулен — егізімсің,
    Қол жетпес қабырғаңа семізімсің.
    Жеті атаң, жеті руға жетім берген,
    Сонда да: таусылмайтын теңізімсің.
fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)