bookmate game
kk
Gratis
Дүкенбай Досжан

Төрт патшаны көрген кейуана

  • b9246616811citeerde uit2 jaar geleden
    Бір қолтығымнан әкім бала Байбақтинов, бір қолтығымнан Әмірова Күләш қолтықтап алып септесіп, ия, алла, көрсеткеніңе шүкір деп, сырты аппақ қардай, іші сары алтындай, мұнтаздай кең сарайға келіп кірдік.
  • Диана Алексанянciteerde uit2 jaar geleden
    — Апа, ертең Алматыға Хрущев келеді, сол кісіні көріңіз, елге жыр ғып айтып барасыз, - дейді алып-ұшып.

    — Әй, мазағың ба сенің, Хрущев қайда, біз қайдамыз! Біз әншейін қарға үркітер тұлыпқа айналғамыз.

    — Ой, апа-ай, қайдағыны айтады екенсіз, - дейді балам аспай-таспай, - жаңа естідім, ертең түс әлетінде қалаға Хрущев келеді-міс, жұрттың бәрін көше бойына шығарып көсем кісіні қарсы алуға тізілдіріп қадап қояды. Сіз де жүріңіз, мұндай жақсыны көретін заман зәуіде бір ұшырасады.
  • Алмагуль Утешоваciteerde uit2 jaar geleden
    Сол ұшырасу үстінде екі бірдей нәрсе есімде қалыпты. Бірі: Нұрсұлтан баламның жүзінен ниеті көрініп тұрды. Жүзінен ниеті көрінген кісі жарық дүниеде қор болмайды. Шындығы шырайынан сезіліп, нұрлана білген кісі жер бетіңдегі жаратқан иенің жіберген елшісі -пайғамбар секілді.

    Екінші есімде қалғаны: Шамалған жақтан келген бір кісі «пенсиям аз, пенсиям аз!» — деп құлақты қасып жеп қойды, түге. Сол мезетте Нұрсұлтан балам сөйлеп тұрған сөзін үзіп: «Ақсақал, балаларыңыз бар ма?»- деп сұрады. Әлгі кісі: «Иә, бар, бес балам бар, бәрі жоғарғы оқуды бітірген», - деп жауап берді. Нұрсұлтан балам сөз аяғын жерге тигізбей: «Қазақта қартайған ата-анасын балалары асырайды, сол салтпен сізді де балаларыңыз бағып-қақсын», - деді қолмен қойғандай етіп. Шамалғаннан келген кісінің көмейіне құм құйылды, өкпе, шағым сөз саппа тыйылды. Кең сарай іші бірауқым күмбірлеп тұрды.

    Беу, дөңгеленген дүние-ай!.. Біраз сөзін ұмытып қалыппын, біраз көрген қызықты естен шығарыппын, қартайған кісіден не сұрап жарытасың! Бір қолтығымнан ауыл әкімі Байбақтинов, келесі қолтығымнан Күләш сүйемелдеп, сүйегімді қиратып алмай үйге жеткізіп салғаны есімде. Немере қызым: «Әже, қарыныңыз ашты ма?»- деп алдымнан нан ұстап жүгіріп шыққанын білемін. Шаршағаннан шағын бөлмедегі жастық тастаған төсегіме сүріне жығылыппын. Төсегіме бас қойып жатып ернімді жыбырлатып: «Тоқпын, тоқпын,
  • Камила Кусаиноваciteerde uit3 jaar geleden
    Баяғы әз-Жәнібек, әз-Тәуке заманынан дүниенің білімін жинаған, кітап жазған дегдар кісілеріміз болған,
  • Камила Кусаиноваciteerde uit3 jaar geleden
    — Балапандарым, - дейтін сусып түскен көзілдірігін қолына алып, еңсесін жинап, -естеріңде болсын, осы күні мал ортақ, жан ортақ деп төбені тесіп бара жатқан балшабектердің қиқуы ақылыма қонбайды, бұл қазақ нәсілі қазан төңкерісіне дейін сауатсыз, дінсіз, дымсыз болған деген сандыраққа еш сенбеймін
  • Камила Кусаиноваciteerde uit3 jaar geleden
    Әлден уақытта барып, шамның майы таусылып сығырайып бара жатыр ма, езілген еңсесін тіктеп тілге келуші еді. Қоңыр үні тап қазіргідей құлағымда.
  • Камила Кусаиноваciteerde uit3 jaar geleden
    Өмірі ұмыта алмаймын. Кітап бетіндегі маржандай тізілген сөзді оқи-оқи әкеміз де бұл дүниеден ірге ажыратқан кісіге ұқсап, жанарының жиегінен жасы сорғалап, ас-ауқатқа қол созуды мүлде ұмытып, көрер көзге зорайып аспандап, алып боп кеткендей көрінетін.
  • Камила Кусаиноваciteerde uit3 jaar geleden
    Көзілдірік құлаққа ілінді дегенше, қалпақтай қалың кітап парақтап ашылды дегенше - кереметтей ертегі әлемінің қақпасына енгендей болушы едік
  • Камила Кусаиноваciteerde uit3 jaar geleden
    Әкетайымыз қызыл күрең шайды баппен сораптап, шекесі жіпсіген соң барып бір шетіне жіп байлаған көнетоз көзілдірігін құлағына іледі
  • Камила Кусаиноваciteerde uit3 jaar geleden
    әкемізге кесемен ыстық-ыстық шай жағалатушы едік, қайткенде үлкен кісіге тақау отырып қалуға тырысып бағамыз.
fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)