менің көзіме тастан салынған небоскребтардан құралған қала сипаты бейне бір Манхэттен аралының аспанына таспен жазылған поэма боп көрінеді. Ол поэманың әрбір жолы — әрбір небоскреб (зәулім тас үй). Сонда американ өлеңі бір жолы ұзын, бір жолы қысқа болғанындай, небоскребтардың да біреуі ұзын, біреуі қысқа. Және сол жолдардың ішіндегі ең ұзын, ең мазмұнды жол — жүз екі этажды Эмпайер Стэйт Билдинг. Ол поэманың бұл жолын дүниежүзі халқының бәрі білді, бәрінің де жадында деген едім.
Мәжілістің бастығы доктор Хитсиг маған әзілмен құрмет көрсетіп, алпысыншы жылы жазда болатын осы клубтың юбилейіне екі шақыру билет сыйламақ болды да, әйеліммен екеуміздің келер