bookmate game
Сүйінбай Аронұлы

Айтыстар

32 afgedrukte pagina’s
Hebt u het al gelezen? Wat vindt u ervan?
👍👎

Impressies

  • b6713852076deelde een impressie4 jaar geleden
    👍De moeite van het lezen waard

  • Asyl Boranbaydeelde een impressie8 jaar geleden
    🚀Verslavend
    😄Hilarisch

Citaten

  • iKitapDYKENIciteerde uit8 jaar geleden
    Өзенді жерге бас ұрған,
    Кезеңнен қуып асырған,
    Найзаға шелек байлаған,
    Қазақты шауып —
    Жылқысын қуып айдаған.
    Байлық десең, бізде бар,
    Билік десең, бізде бар.
    Шоңлық десең, бізде бар.
    Елімнің жоғарғы шетін айтайын:
    Маралды мен Сантаста,
    Төменгі шетін айтайын,
    Бетегелі Қойтаста.
    Елімнің жоғарғы шетін айтайын,
    Сарыбағыш пен Мұңдызым,
    Жағамдағы құндызым,
    Маңдайдағы жұлдызым.
    Мұндызымнан бастасам,
    Сойылар сенің бір қызың.
    Бұғы деген көп жұртым,
    Байлық десең мұнда бар,
    Билік десең мұнда бар,
    Көкше қоян құмда бар,
    Мендей жыршы кімде бар?!
    Айдаса малын жинаған,
    Дұшпанды шауып қинаған,
    Сару деген қырғызым.
    Былайғы жатқан Саруым,
    Саруымнан қозғасам,
    Күні-түні айтсам да,
    Бұған келмес қаруың.
    Былайғы жатқан оңбағыс,
    Қашқарда жатқан шоңбағыс,
  • Балнур Молдагалиciteerde uit4 jaar geleden
    Сүйінбай:

    Дәм-тұз тартып, кеп қалдым

    Бәйшегір деген еліңе.

    Көбелеген Балқашты

    Қамау деген жеріңе.

    Жалайырда, Жәлменде,

    Ел бастаушы жақсының
  • Меруерт Карловаciteerde uit8 jaar geleden
    Бермеп еді, хан Тезек, мені қалап.
    Мойнымнан жал, бойымнан әлім кетті,
    Әл кеткен соң, өзіме кәрілік жетті.
    Ала жаздай бойыма шыр бітпейді,
    Қыс болса, өкпе тұстан суық өтті.
    Тезек төре:
    — Мен жеңілдім. Бабам Абылайдың тұсында Бұқар жырау өткен екен, атам Әділдің тұсында ақын Тубек өткен екен. Менің заманымда сен кез келдің: мен хан екенмін, сен «сұрқылтай екенсің» деп, бір қасқа тайды сойып құдайы қылыпты. Келесі күні Тезек төре Сүйінбайға түйе бастатқан тоғыз береді. Тоғыздың ішінде жаман қаракер ат бар екен, Сүйінбай қаракер атқа қарап мынаны айтқан:
    Бейшара, болдырыпсың, қаракер-ай,
    Көшке жаяу жүрсем де алмаймын-ай,
    Өзі жауыр, өзі кәрі ақсақ екен,
    Мұныңды алып елге бармаймын-ай.
    Орта жолда болдырып, өліп қалар,
    Мұның мен обалына қалмаймын-ай.
    Қаракер, жөніңді айтшы өзің маған,
    Айтсаңшы, қайдан келген сорлы едің-ай?!
    Қаракердің жауабы:
    Мен жөнімді айтайын, ай, Сүйінбай!
    Түргендегі мұжықтың аты едім-ай.
    Терең барып, сол жерден алып келген,
    Қысы-жазы өзімде бір тыным жоқ,
    Үстіме шыр бітпеген қу едім-ай!
    Сүйінбай:
    Ұйтқыған әрбір сөзім жел-құйындай,
    Хан-қараға сөйлеген мен Сүйінбай.
    Арыз айтып алдымда жылап тұрған,
    Көрдің бе жануарды қаракер тай.
    Ұрлығыңа мінгізіп күндіз-түні,
    Малдықтан кетіріпсің оны былай.
    Алты жерден арқаға пышақ салған.
    Төре, құдай болсаң да тартсаңшы ойбай!
    Сүйінбайдың соңғы сөзіне шыдай алмаған Тезек төре «мен де ақынның кедейлігін бетіне басып, сағын сындырайын» деп:
    Қарасам басың менен аяғыңа,
    Жерің жоқ түте-түте жұлынбаған.
    Жаңадан киім-кешек бергізейін,
    Жүргейсің келіп, кетіп ұрын маған.
    Сүйінбай:
    Хан Тезек, байлығыңа бас ұрмаймын,
    Мен бірақ көргенімді жасырмаймын!
    Шын дертім ұстап кетсе айнымалы,
    Басымнан ұшқан құсты асырмаймын!
    Төресің жер мен көктей елмен араң,
    Ел жаңа елу жылда, жүз жыл қазан
    Атың да, шапаның да бәрі өзіңе,
    Келгенше енді айналып тұрғын аман!

Op de boekenplanken

fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)