kk
Gratis
Мұхтар Әуезов

Хан Кене

  • Olzhas Kussainciteerde uit5 jaar geleden
    Бүйткенше кәпірден шықсаң етті сен... Жалғыз қырғыз қалғанша жағаласып өлмесем — ел болмаймын.
  • Näsır Nūrbolatciteerde uit3 jaar geleden
    Уай, қырғыз, еркегің құрып кеткен бе сенің. Мені еркегің өлтірсін.
  • Näsır Nūrbolatciteerde uit3 jaar geleden
    ашу алдынан, ақыл соңынан
  • Sahanovaamina7citeerde uit4 jaar geleden
    Кененің апасы.

    Қарашаш – Ер ананың қызы.

    Ағыбай

    Бұқарбай – батырлар

    Жоламан

    Бұғыбай – батыр, қолбасы.

    Құдайменде –
  • b6935126476citeerde uit2 jaar geleden
    ХАН КЕНЕ

    (Бірінші нұсқасы)

    Алты перделі тарихи пьеса

    АДАМДАРЫ:

    Кене

    Наурызбай – жас батыр. Кененің інісі, кіші шешеден.

    Ержан – Кененің немере ағасы.

    Бопай – Кененің апасы.

    Қарашаш – Ер ананың қызы.
  • no.nameciteerde uit2 jaar geleden
    Бірақ қашан мендік боласың?

    Бопай. Мен сенен ешқайда кетпеймін... Бірақ жалдамаға жүргендей, өзге ақылы аз ғана батырлардай, мұрат-мақсұтсыз жүргеніңді місе қылмаймын мен... Қай күнде болса да осы сөзім есіңде болсын.

    Бұғыбай. Оны қойшы. Кәне, қашан мендік боласын? Соны айтшы?

    Бопай. Құдай бұйырса, осы жорық жақсылықпен аяқталсын. Сонан соң сен мені аласың.

    Бұғыбай. Осының шындығына бір сүйші!..

    Бопай (қасына келіп назданып). Жібің босап кетіпті ғой әлдекімше...

    Бұғыбай. Рас... ширатып жібер олай болса.

    Бопай. Шира, тез! Бұл пішінді көрсетпе (Күліп келіп, тамағынан сүйіп турады. Бұл уақытта Науан кіріп келіп, үндемей сапысына қолын бір салып жіберіп, артынан тоқтап үндемей тұрады.)
  • no.nameciteerde uit2 jaar geleden
    Кене (Бұғыбайға). Қырғызбен келісер-келіспесіңе көзім жетпейді. Атамның қылығын алдыңа тартар. Тұтқында кеткен мың үйлі қырғызды айтпас деймісің. Бірақ, оның да бір жағында Қытай, Қалмақ, бір жағында Қоқан, тағы бір жағында қапқалы келе жатқан Орыс. Бір заманда өкпелі болса да, қазірде қазақтан басқа кімі бар. Сөзді ұқсын, келіссін. Алатауға ірге тіреп қырғыз-қазақ бірігіп елдік жасаймыз. Содан соң сыртынан қапсыра құшақтап буып алғалы орыс келе жатса да өзімен-өзі алысып жатқан Қоқан, Бұхара анау, соның екеуін де біріксек біз аламыз. Содан соң ондағы, солдағы жаудың екеуін де көріп алармыз. Ықтиярымен көнбейтін болса бағындырамын, көндіремін, сонымды айт! Менің Арқадан кеткендегі тұратыным: Алатау. Ӏрге көметін жерім осы.
  • Рамазан Көшенciteerde uit3 jaar geleden
    Менің бармағаным абиұр болған екен.
  • Іңкәр Мәлікciteerde uit3 jaar geleden
    Кене (орнығып отырып, жан-жағына қарап). Киіз туырлықты қазақтың баласы! Сона бір қысылған шағыңда ер деп етегінен ұстағаның менің атам Абылай еді. Ол сеніміңді ақтағандай, сен үшін жанын салып өтіп еді. Бірақ атаға берген дәуренді берер ме, жоқ па? Енді халық дәме қылып мені сайласа, кеудемде шыбын жаным тұрғанда, ақ тілеуіңді ақтармын-ақ. Жетпей жығылсам көзің көрер. Жолыңа міне басым, міне жаным... Керегіңе жарата бер... Содан басқа айтарым жоқ. Менің риза қошым осы. Енді ана тойларыңды тойлай бер. Біз ел басшыларымен аз сөйлесіп, орталарыңа келеміз.
  • Нургиса Амангараевciteerde uit3 jaar geleden
    Ұмтылып келіп жүрегінен қанжарды салып жібереді. Науан құлайды)
fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)