Ыбырай Алтынсарин

Мейірімді бала

  • alaman2003citeerde uit5 jaar geleden
    Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын,- деді.

    ***Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.

    - Тақсыр патшам,- деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айрылуы керек болды, мінекей, тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді.

    - Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

    Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті дейді.
  • b2200500368citeerde uit6 jaar geleden
    - Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың?
fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)