kk
Gratis
Сафуан Шәймерденов

Жанар мен Данар

3 afgedrukte pagina’s
Hebt u het al gelezen? Wat vindt u ervan?
👍👎

Citaten

  • dfreestyleciteerde uit8 jaar geleden
    Бұдан бірер жыл бұрын біздің үйдің көршісінде апалы-сіңлілі қыз балалар тұрды. Үлкені ─ Жанар алтыншыда, кішісі ─ Данар төртіншіде оқиды. Олар біріне-бірі сондай ұқсас еді. Тіпті кейбір тосын адамдар Жанарды Данар деп, Данарды Жанар деп айыра алмай да қалатын. Бірақ күнде көріп, көрші отырған біздерге апалы-сіңлілердің өзгешелігі де көп. Жанар болса, сұңғақ бойлы сәнқой бала. Жасы он үште ғана болғанымен селдір өскен өлең шашын төбесіне қоқайтып, сәндеп тарайды. Үстінде шолақ тон, бұтында тар балақ шалбар. Қолында сәнді папка. Өстіп Жанар мектепке келеді. Дәл сонда танымаған адам болса, алтыншы кластың оқушысы емес, осы мектептің мұғалимасы шығар деп те қалар еді. Ал Данар болса, алыстан жақсы көре алмайды, сол себепті көзіне ақ кенерелі көзілдірік салып жүреді. Қалың қара шашын Жанар секілді қоқайтпайды да, екі бұрым етіп өріп, тізесіне түсіріп жібереді. Сәнді шолақ тоны да жоқ. Мектепке қара жағалы қызыл пальто киіп, қолына ақ жағал ескі, үлкен портфель ұстап келеді. Сонда ол танымайтын адамға төртінші кластың оқушысынан гөрі, әлдебір ғылыми-зерттеу институтында қызмет істейтін кішкене бойлы профессорға көбірек ұқсай қалатын-ды.
    Содан болса керек, ауыл үйдегілер оларды еркелетіп кейде: «мұғалима апай», «көзілдірікті кішкене профессор», ─ деп те атайтын.
  • Милана Малороеваciteerde uit8 jaar geleden
    Бұдан бірер жыл бұрын біздің үйдің көршісінде апалы-сіңлілі қыз балалар тұрды. Үлкені ─ Жанар алтыншыда, кішісі ─ Данар төртіншіде оқиды. Олар біріне-бірі сондай ұқсас еді. Тіпті кейбір тосын адамдар Жанарды Данар деп, Данарды Жанар деп айыра алмай да қалатын. Бірақ күнде көріп, көрші отырған біздерге апалы-сіңлілердің өзгешелігі де көп. Жанар болса, сұңғақ бойлы сәнқой бала. Жасы он үште ғана болғанымен селдір өскен өлең шашын төбесіне қоқайтып, сәндеп тарайды. Үстінде шолақ тон, бұтында тар балақ шалбар. Қолында сәнді папка. Өстіп Жанар мектепке келеді. Дәл сонда танымаған адам болса, алтыншы кластың оқушысы емес, осы мектептің мұғалимасы шығар деп те қалар еді. Ал Данар болса, алыстан жақсы көре алмайды, сол себепті көзіне ақ кенерелі көзілдірік салып жүреді. Қалың қара шашын Жанар секілді қоқайтпайды да, екі бұрым етіп өріп, тізесіне түсіріп жібереді. Сәнді шолақ тоны да жоқ. Мектепке қара жағалы қызыл пальто киіп, қолына ақ жағал ескі, үлкен портфель ұстап келеді. Сонда ол танымайтын ад
fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)