kk
Gratis
Мұхтар Әуезов

Индия очерктері

174 afgedrukte pagina’s
Hebt u het al gelezen? Wat vindt u ervan?
👍👎

Citaten

  • Madinaciteerde uit2 jaar geleden
    Жұма мешітке әлдене заманнан бері сол жалған қан, жалған Ғұсман құранын әлдебір алымпаз да жемпаз жем-сау бұйрығы қалдырғанда қондырған екен. Ол ғана емес, құранды көріп бола бере, ол әрі жылжып кетті де, енді бір сопақша шыны сауыт шықты. Төбесінде күмістеген бұрандалы қақпағы бар. Қақпақты, беті-жүзі бізге көрінбейтін бір жанның қатып қалған көмірдей қара жіңішке саусақтары бұрап ашып алып, әрі қарай тарта берді. Сауыт ішінен біздің көзімізге тіп-тік боп қарайып, сауыттан бөліне сорайып тұрған жіңішке проволка талы көрінді. Мәлім етулері бойынша, бұл — дәл Мұхаммед пайғамбардың өз сақалының бір талы екен.
  • Madinaciteerde uit2 jaar geleden
    Дели шаһарының ендігі екі түрлі ғажайып ескерткішін біз асықпай, молынан араладық. Оның бірі — Бабыр патшаның немерелері Шах Жиһан салдырған "Жұма мешіт" және патша сарайы — Қызыл сарай (Редфорт). Бұл екі ғимарат та осыдан 300 жыл бұрын қызыл песчаник тасынан және ақ мрамордан оюланып салынған.
  • Madinaciteerde uit2 jaar geleden
    Қаланың орта тұсында, Жумна өзенінің жағасында, Гандидің қаны төгілген орында, Индия дәстүрі бойынша, Гандидің сүйегі құрметпен өртелген жері бар. Сол орында әсемдеп оқшауланып қызыл гранит таспен биіктеле мүсінделген бөлекше бір дөңгелек жай тұр. Соның биік басына шығар алдында тас басқыштар түбінде біздің бар тобымыз аяқ киімдерімізді тастап, гүл-венокті көтеріп, жоғары бастық.

Op de boekenplanken

fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)