Марат Қабанбаев

Жиһанкез Тити

  • b4060636620citeerde uit3 jaar geleden
    Папасының да қолы бос емес, креслоға жайғасып ап, үстіңгі ерні жыбырлап, астынғы ерні қыбырлап, туырлықтай газетті аударып-төңкеріп оқып отыр. Папалары, неге екені белгісіз, газетті ерні жыбырлап оқиды. Оның үстіне, әлсін-әлі қосулы тұрған телевизорға қарап қояды. Мұндайда папасы мазасын алған адамды кіржіңдеп ұнатпай қалады. Ұрыспайды, жекімейді. Тек көзілдірік әйнегінің астынан ойын бөлген адамға соншалықты қинала қарайды. Тити үшін бұлай жекігеннен де ауыр тиеді. Өйткені папасы Тити сондай-сондай жақсы көреді.
  • Орынкул Турсымбаеваciteerde uit8 jaar geleden
    Түн. Көшеде ғана түн. Ал пәтер іші күндізгідей жарық. Төбеден салбыраған люстраның жарығы, әрине, күн жарығына сәл-пәл жетпейді. Бес жасар Таймасқа жарықтың қайта әлсіз болғаны жақсы. Жарық әлсіз болса жақсы ойланасың. Бөлме ішіндегі заттар көзге анық шалына бермейді, ой бөлінбейді. Сонымен Таймас – Тити ойланып отыр.
    Шындығында Таймастың Таймас екендігін балалар бақшасындағы, подъездегі тетелестерінің көбі біле бермейді, бәрі жаппай Тити деп атайды. Оған кінәлі Таймастың өзі. Екі жасқа жете бере тілі шығып, былдырлай бастаған. Дәл осындай қысқы кеште папасы мен мамасы: «Таймас, сен дәу жігітке айналып, есейіп қалдың. Әр заттың, әр баланың өз есімі болады – осыны біліп қой. Мәселен, әне, анау төрдегі, саған күнде кешке мультфильм көрсетіп беретін сирақты қобдидың аты – телевизор. Кәне, телевизор деші?»– деген. Таймас папасы мен мамасына бір, экранды қобдиға екі қараған. Сосын сұқ саусағын жып еткізіп аузына апара
  • Орынкул Турсымбаеваciteerde uit8 jaar geleden
    Таймастың өзі. Екі жасқа жете бере тілі шығып, былдырлай бастаған. Дәл осындай
  • Райхан Нуржановаciteerde uit9 jaar geleden
    ЖИҺАНКЕЗ ТИТИ

    әңгіме

    I

    Түн. Көшеде ғана түн. Ал пәтер іші күндізгідей жарық. Төбеден салбыраған люстраның жарығы, әрине, күн жарығына сәл-пәл жетпейді. Бес жасар Таймасқа жарықтың қайта әлсіз болғаны жақсы. Жарық әлсіз болса жақсы ойланасың. Бөлме ішіндегі заттар көзге анық шалына бермейді, ой бөлінбейді. Сонымен Таймас – Тити ойланып отыр.

    Шындығында Таймастың Таймас екендігін балалар бақшасындағы, подъездегі тетелестерінің көбі біле бермейді, бәрі жаппай Тити деп атайды. Оған кінәлі Таймастың өзі. Екі жасқа жете бере тілі шығып, былдырлай бастаған. Дәл осындай қысқы кеште папасы мен мамасы: «Таймас, сен дәу жігітке айналып, есейіп қалдың. Әр заттың, әр баланың өз есімі болады – осыны біліп қой. Мәселен, әне, анау төрдегі, саған күнде кешке мультфильм көрсетіп беретін сирақты қобдидың аты – телевизор. Кәне, телевизор деші?»– деген. Таймас папасы мен мамасына бір, экранды қобдиға екі қараған. Сосын сұқ саусағын жып еткізіп аузына апара беріп, қайтадан арқасына жасыра қойды да (ауызға саусақты тек жаман балалар салады): «Девиз!»– деді. Папа, мамасы бір-біріне бақырайып қарады. Таймас содан-ақ бірдеңені бүлдіргенін сезе қойды. Және, бүлдіргенде де, әлгі экранды қобдидың төңірегінде қателік жасағанын анық білді де, сасқанынан «девизді» түзеттім деген оймен: «Севиз!»– деп салды.

    Әке-шешесі едәуір күйгелектенді. Мамасы бетін шымшыды. Тіпті ұйықтайтын бөлмедегі треляж айнаға барып, шашын тарап-тарап жіберді. Сосын қайтып келді де, папасының құлағына бірдеңе сыбырлаған. Папасы басын изеді. Мамасы Титидің алдына тізерлеп отыра қалып:

    – Ұлым, енді Таймас деп көрші!– деді.

    Таймас ернін икемге келтіремін деп біраз бүрістірді. Ақыры әжептәуір қиналып барып:

    – Ти-ти...– деді.

    Папасы да, мамасы да қоса қабат күліп жіберген. Екеуі бірдеңені біліп күліп тұрған шығар деген оймен Таймас та жымиды; әке-шешенің қылығын қайталасаң, көп қателеспейсің. Енді папасы Таймастың ойынын келтіретін ең сүйкімді көз қарасымен ұлына қарап:

    – Кәне, менің атым Таймас деп тағы бір қайталашы!– деді.
  • Сандугаш Сагидуллиеваciteerde uit9 jaar geleden

fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)