Жүсіпбек Аймауытов

Қартқожа

  • Amina Kapalbaiciteerde uit4 jaar geleden
    деді. Шідербай: «Е, қамдалады ғой»,— деді. Сәдуәлі еріп келгеннен-ақ, лау мінерін сезіп, Шідербай шәкіртпен әңгімелескенде де, лау мәселесі бүйрегінің бір жағында отыр еді. Нақ жылқы тор байтал еді, онымен түйе қарап кетті. Көк биені берсе, орыс сияқты, қоқақтаған шіркін қатты жүріп, қинап тастайды-ау. Жоқ әлде көкжалдың өзін бере ме? Оны суытып жіберіп еді, қара аттың арқасының шиі бар, шығып кете ме? Кім біледі? Бұған лайық қандай жеңіл қол жылқы болар екен? Міне, Шідербайдың манадан ойлап отырғаны осы еді. Бір жақсы ой сап ете түсті. Кідірмей-ақ: «Қартқожа, сен құнаныңа мініп, бұ кісіге ер-дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал»,— деді. (Қалай «дұрыстайтынын» құдай біледі.) Қартқожа ойланбай-ақ: «Жарайды ғой»,— деді, өйткені оңаша сөйлесуге құмар еді, құнанның қиналатыны ойына да келген жоқ. Шідербай «Ретін қалай тауып жібердім!» деген кісіше, мұртынан бір жымиып, «пәледен» тезірек құтылғалы: «Қатын, тұр, аяқ жуғыз, қымыз құй мына кісіге»,— дей бастады. «Қартқожа, шайға алданбай-ақ сенде осыдан қымыз ішіп шығарсың»,— деп, мейірімі түскен кісім болды, сөйтті де ат қамдатуға тысқа шықты.

    Бір аяқ қымызды ішті де, Қартқожа жүген алып, қотанда үйездеп тұрған көк құнанын ұстап, үй қасына алып келді. Желқом ерді шандырлап тұрып, мықтап ерттеді. Сөйтті де, үйге кіріп, әжесіне лау апаратындығын айтып, қамшы алып, белін буынып тысқа шықты. Қол-аяғы жерге тимей, құнтыңдап жүр. Құнанын шешіп алып, мінгелі жатқанда, келіншегінің қойнынан жаңа тұрған ағасы жалаң аяғына кебіс іліп, бір қолымен тақылжырын дырдыр қасып, бір көзін сығырайтып: «Уай, сен қайда барасың?»— деп еді, Қартқожа: «Лауға барамын», —
  • Сымбат Каирбекciteerde uit6 jaar geleden
    «Сұлу — сұлу емес, сүйген — сұлу»
  • Айым Дуйсенбековаciteerde uit2 jaar geleden
    Тобықтыда бір қазақ жиырма шақтысын қонақ қылып, бір үйге жатқызып, пешті шаласымен жапқызып, иіс тигізіп қатырған. Қаракесекте бір ер қазақ жігіттерден әтірет жасап, шетке шыққандарын өлтіріп, қаруын алып отырған.
  • Сандуғаш Кэлсciteerde uit3 jaar geleden
    Қол бостық жатып ішер жалқаулық емес, еңбек, бейнет түзетер.
  • Жанель Илилянciteerde uit5 jaar geleden
    Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Қас қараяр-қараймаста, күнбатыстан шатынаған, шақшиған, жалғыз көзді жан алғыштан жаман жарық жұлдыз шығады, күннен күнге шарықтап, көкке өрлейді, жел қасарып, Темірқазықтан таймай ызғырады да тұрады.
  • Bekzat Bekbolatciteerde uit5 maanden geleden
    Қартқожаның есі-дерті оқуға кетті. Өзіне-өзі «оқимын» деп серт етті. Қалай оқиды? Қайдан оқиды? Қайда барады? Қаражатты қайдан табады? О жағымен ісі болмады, ойына да келмеді, қайтсе де оқымақ болды. Бұрынғы бұлдыр ойларына мына шәкіртпен әңгімелескені, мына кітапшаны оқығаны, олардың шығарған түйіні бір қазық, бір тиянақ болды.
  • Bekzat Bekbolatciteerde uit5 maanden geleden
    Қаладан келген шәкірттің қаланы өз қолымен тұрғызғандай болып, көп білген, көпті көрген кісімсіп, бір жағын мақтанышқа тірейтін бір мінезі бар ғой.
  • b4433651037citeerde uit2 jaar geleden
    А құдай! Қас пен көздің арасынан безе гөр!

    Қайдағы оңбайтын, тіл алмайтын,

    кер кеткен қас сорлының баласынан безе гөр!
  • b4433651037citeerde uit2 jaar geleden
    Текеметін тұйықтағаннан безе гөр!

    Майға тойып, түшіркеніп ұйықтағаннан безе гөр!

    Бейілі қашқаннан безе гөр!

    Мейманасы тасқаннан безе гөр!

    Малынан зекет бермеген,

    Отыз күн ораза тұтпаған,

    Бес уақыт намазын күтпеген,

    Көріп-қасар, жетім-жесірің!

    Көзіне ілмеген қайдағы надан,

    Шіріп жатқан ішпей-жемей

    Мал жиған, көрген күні кедейден,

    Жаман нас байлардан безе гөр!»

    дейді екен жарықтық
  • b4433651037citeerde uit2 jaar geleden
    Қартқожа, анасы — Имақан.
fb2epub
Sleep je bestanden hiernaartoe (maximaal 5 per keer)