Маған бұл кітап ұнады .Соңы тіпті мен үшін шок болды . Өте қызықты, жантүршіктірер әңгіме. Ішінде қорқынышта , махаббатта, романтикада, күлкінішті оқиғада бар.
asemislamdeelde een impressie2 jaar geleden
Өтее қатты ұнады бірақ Алманың өлімі туралы оқығанда біртүрлі көнілім түсіп кетті
b3897717032deelde een impressie2 jaar geleden
.
Citaten
Арман Саттарciteerde uit3 jaar geleden
іпті өзіме жеке ғылыми объектінің табылғанына қуанғанымды да жасыра алмаймын. Оң қол Алмаға тек қалың ұйқы құшағына енгенде шабуыл жасайды. Яғни өзіне қанша түсініксіз болғанмен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар деген сөз. Бірақ ол ниет кімнің ниеті, қайдан келген. Алманың бүкіл өткен өмірін, мінез-құлқын, адамдармен қарым-қатынасын зерттей келіп, мұны өз басынан туған ниет деуге себеп таба алмадым. Бұл қалайда қанмен, тұқым қуалап келген ниет. Науқастың шешесі, иә әкесі, иә әкесінің әкесі бір кезде өзін-өзі өлтірмек болған. Енді олар әлдебір құпия заңдылықпен Алманың санасында тұрып, өздерін-өздері өлтіргілері келеді. Бірақ олардың өздері жоқ. Санасының иесі - қыз өлуге тиісті. Әлгі ниет қыздың организмі толық тыныштыққа енген кезде таңғажайып қатерлі рефлекс арқылы оянып, оң қолға сигнал береді. Ұстама үш-төрт күнде бір, кейде тіпті күн сайын болып тұрады.
b3942338839citeerde uit3 jaar geleden
- Ұйықта.
- Сен ше?
- Мен сені күзетіп отырамын... таң атқанша... Өмір бойы
merwertciteerde uit3 jaar geleden
Кейде адам тағдырына кездейсоқ, қапияда санаңнан тыс айтылған сөздердің әміршілік ететіні бар ғой.)